Сәрсенбі күні Ресейдің бес әскери ұшағы Аляска маңындағы халықаралық әуе кеңістігінен ұшып өтті. Мұның екеуі бомбалаушы ұшақ екені белгілі болған. Соңғы кездері жиі туылған мұндай оқиғалар сериясы АҚШ-Ресей қатынасының шиеленісіне алып келді.
Бейсенбі күні АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, сол жердің жергілікті уақытымен 17:00 шамасында, Ресей Ту-95 Bear ауыр бомбалаушы ұшағы және екі Су -35 Flanker жойғыш ұшақтары Алясканың батыс жағалауында пайда болған. Кейін бұл ресейлік ұшақтар Аляска әуе қорғаныс сәйкестендіру аймағына кірген. Бұл кеңістік АҚШ-қа тәуелді кеңістікке өте жақын болып табылады.
АҚШ Қорғаныс департаменті хабарламасында, осы жағдайды ескере отырып, АҚШ Әуе армиясынан екі шабуылшы ұшақты Ресей ұшақтарын ұстап, өздеріне тәуелді кеңістіктен шығарып салмақ болған. Алайда, Ресейдің А-50 АВАКС ұшағы жоғары кеңістікке көтеріліп кеткендіктен, АҚШ ұшақтарымен кездеспеген. АҚШ-қа тәуелді кеңістік маңында Ресейдің әскери ұшақтарының пайда болуы тек бұл ғана емес, осыдан бұрын да талай мәрте болған еді. АҚШ ұлттық қауіпсіздік тараулары бұл іске қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді