Экшн-камера
Қазіргі таңда экшн-камералар көп, бірақ оларды сатып алуға кез-келгеннің жағдайы жете бермейтіні ақиқат. Сонымен қоса, көбісінде қажетті функциялары жетіспей жатады. Бірақ Kickstarter платформасында осы кемшіліктерді жоятын жаңа камералар жасалып жатыр.

Бұл CAMEO360 камерасы – әлемдегі ең кішкентай екі еселенген линзалы 360-бұрышты 4К камерасы. Бұл камераны жасау жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Құрылғы өзінің кішкене көлеміне қарамастан, бейнені 4К сапада, ал суретті 24 Мп-ге дейінгі сапамен түсіреді. Сонымен қоса, суреттерді, бейнелерді реттеп, жіберуге де қолайлы фунцияларымен ерекшеленеді.

Камераларды арнайы пульттермен қашықтықтан басқаруға да болады. Басқа құрылғылармен жалғау үшін WiFi 5G және Bluetooth 4.0 чиптері де қарастырылған. Осындай функцияларына қарамастан камераның салмағы небәрі 96 грамм және көлемі 46х46 мм.
CAMEO-ның ең ерекше мүмкіндіктерінің бірі - Facebook немесе Youtube желілерінен тікелей трансляция жасауға да болады.
CAMEO360 сатылымға осы жылдың тамызында шығарылады. Оның бағасы 269 доллардың шамасында болмақ.
“The Qazaq Times”


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел