Қытай Еуропалық ғарыш агенттігімен (ESA) бірлесе отырып Айда тіршілік етуге арналған базаның құрылысын бастамақ.
Осы мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан келіссөздер жайлы Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының бас хатшысы Тян Юлун мәлімдеген болатын.
Ал сәрсенбіде еуропалық әріптестері бұл хабарламаны растады.
«Қытайлықтар үлкен үміт күттіретін маңызды жобаны бастады, - деді, ESA-ның ресми өкілі Пол Хвистендаль Блумберг агенттігіне берген сұхбатында. – Негізі ғарышты зерттеу өткен ғасырдың 60-жылдары өзінің бағытын өзгерткен болатын, бірақ біз бұл халықаралық әріптестікті жоғары бағалаймыз».
Жердің табиғи серігінде салынғалы жатқан «Айдағы ауыл» болашақта Марсқа ұшу үшін және Айға туристік сапармен келуге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Сонымен қатар, бұл бастаманың арқасында Айдағы пайдалы қазбаларды өндіруге де болады деп отыр агенттік өкілдері.
The Qazaq Times


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді