Түркия билігі 9 мың полиция қызметкерін жұмыстан шығарды деп хабарлайды BBC.
Түрік полициясы 9 мың қызметкерін Фетхулла Гюленмен қатысы бар деп жұмыстан босатқан. Былтыр 2016 жылдың шілде айндағы әскерилердің жасамақшы болған мемлекеттік төңкерісінен кейін. Ердоған билігі 40 мың адамды тұтқындап, 120 мың адамды жұмыстан шығарған болатын.
Ресми Анкара билігі 2016 жылы елде бола жаздаған мемлекеттік төңкерісті АҚШ-та қашып жүрген саясаткер Фетхулла Гюлен ұйымдастырды деп айыптап, Вашингтонға Гюленді қайтаруды сұраған еді. Алайда Гюленнің өзі бұның барлығы жалған жала екенін айтып Ердоған билігі айтқан сөздің барлығы жала деген болатын.
"The Qazaq Times"