Францияның президенттік сайлауына қатысып жатқан Эммануэль Марконның сайлау штабының серверіне Ресейлік Pawn Storm хакерлер тобы шабуыл жасады деп хабарлайды Reuter ақпарат агенттігі.
Ал Associated Press ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше хакерлер Макон штабының серверіне 160 рет шабуыл жасаған. Франциялық сарапшылардың айтуынша бұл хакерлік шабуылдар АҚШ-тағы президент сайлауы кезіндегі АҚШ Демократиялық партиясының серверіне жасалған шабуылдармен өте ұқсас.
Сайлау алдында Францияның Сыртқы Істер министрі Жан-Марк Эро егер Ресей сайлау кезінде кибер шабуыл жасайтын болса, Франция оған жауап қайтаруға әзір екендігін айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік Pawn Storm хакерлер тобы Ресейдің мемлекеттік барлау басқармасына (ГРУ) қызмет жасайды.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау