9 қараша кешкісін жергілікті басылымдар мен телеграм каналдар дереккөздеріне сілтеме жасап, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың ұсталғанын хабарлады. Ол әйелін өлімші етіп сабады деген күдікке ілінген. Әйелі ауыр соққыдан көз жұмған. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
"Жедел жәрдем келгенде отыздар шамасындағы әйел көз жұмған. Дәрігерлердің сөзінше, оны Астанадағы "Бау" мейрамханасында күйеуі соққыға шыққан. Сол жерде 1980 жылы 11 сәуірде туған Қуандық Бішімбаев Уалиханұлы ұсталды. Ол 1992 жылы 15 мамырда туған Салтанат Нүкенова Амангелдіқызын пышақтаған. Әйел адам пышақтан көз жұмған" деп жазды Ulysmedia полицияға сілтеме жасап.
Жергілікті басқа басылымдар Бішімбаевқа өз әйелінің өліміне себепкер болды деп күдікке ілінгенін жазып жатыр.
ІІМ Tengrinews сайтына Астанадағы мейрамхананың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, бір әйел жарақаттан көз жұмғанын айтқан. Күдікті ұсталған, бірақ министрлік оның кім екенін айтпаған.
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бішімбаев 2018 жылы наурызда жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған. Тергеу оны "Байтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрғанда Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген қаржыдан бір миллиард теңге жымқырған деп айыптаған. 2018 жылы қазанда ол шартты жазамен босап шыққан.
Кейінгі уақытта Бішімбаев үкіметтің елдегі экономикалық шешімдеріне пікір білдіріп бірді-екілі басылым беттерінен көрінген еді.
Ол жемқорлық айыбына ілінбей тұрып, яғни, 2017 жылға дейін мемлекеттік аппаратта лауазымды қызметтер атқарды. Елдің сол уақыттағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі де болған. "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқыған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі