«Alma school» кәсіпкерлік білім беру мектебінде жазушы Мұхтар Әуезов атындағы кітапхананың, саясаткер Дінмұхамед Қонаев атындағы конференц -залдың және әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев атындағы конференц- холдың ашылуы өтті.
Іс шараға қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Дінмұхамед Қонаевтың жиені, жазушы Диар Қонаев, Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Сопыжанқызы және ұлы Біржан Хасанғалиев қатысты.
Мұхтар Әуезов – жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ ғылым академиясының тұңғыш академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болған.
Дінмұхамед Қонаев – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) болған. 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы 22 тамызда қайтыс болған.
Ескендір Хасанғалиев – әнші, компизитор, Қазақстанның халық әртісі. 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. 2021 жылы 30 cәуірде қайтыс болған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі