6 мамыр кешке Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчеваны ұстап әкетті. Бұл жөнінде Oyan, Qazaqstan қозғалысы Телеграм-арнасында хабарлады, -деп жазды Азаттық радиосы.
Қозғалыстың хабарлауынша, оларды 2022 жылы қараша айында президент сайлауына қарсы митинг жасағаны (488-бап, 6-бөлік) үшін ұстаған болуы мүмкін.
Сенбі күні Влада Ермольчеваны Алмалы аудандық полициясына, Дархан Шәріповті Бостандық аудандық полициясына әкеткен.
"Бейбіт митингіге шығу құқығына Конституцияда кепілдік берілген" деп жазды қозғалыс өкілдері.
Полиция әзірге түсініктеме бермеді.
Былтыр 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтіп, оның ресми нәтижесі бойынша президент Тоқаев "жеңімпаз атанған". Халықаралық бақылаушылар "президент сайлауы бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті" деп мәлімдеген.
Сайлау қарсаңында және сайлау күні сайлауға көзқарасын білдірмек болған белсенділер қудаланған, тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру процесі мен дауыстарды санау кезінде қысым жасалғанын мәлімдеген.
Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар Қазақстанда азаматтардың Конституцияда жазылған бейбіт жиналу мен пікірін айту құқығы жиі бұзылатынын айтып, сынайды.

















Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Қонаевтағы сот: Садырбайды 12 жылға соттағысы келетіндер бұқа мен қойды ажырата алмай ма?
Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?