Қанды қаңтар қырғынына байланысты айыпталған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың соты тағы да кейінге қалды.
Жетісу облыстық сотында 16 наурызда өткен сот отырысында судья Үмбетай Әбдилла Күдебаевтың қорғаушысынан өтініш хатына байланысты сотты 20 наурыз сағат 11:00 ге қалдырды. Үмбетай өтініш хатта айыпталушы тараптың өкілі Күдебаевтың ауруханада ем алып жатқанына байланысты сотқа қатыса аймайтынын айтқан.
Күдебаев ем қабылдап жатыр деген себеппен 10 наурызда өткен сот отырысына да келе алмаған.
Мемлекеттік айыптаушы, прокурор Ерлан Қыдырбаев Күдебаевқа "қанды қаңтар кезіндегі әркетсіздігі мен қызметін асыра пайдалану бойынша келтірілген зардаптарды атап өтті. Прокурор Ерлан Қыдырбаев Күдебаевқа қылмыстық кодекстің 362 бабының 4 бөлігімен 8 жыл, 146 баптың 2 бөлігімен 4 жыл қамау жазасын біріктіріп, 58 баптың яғни Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың 3 бөлігімен 9 жылға қамау жазасын" сұраған болатын.
Сот 20 наурызға қалдырылды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы