Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара мәселелері жөніндегі жұмыс топтары 10-16 наурыз аралығында Душанбеде кездеседі. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров Бішкектен баратын топ құрамын бекітіп, үкіметтің шекарадағы өкілі Назәрбек Бөрубаевты оның жетекшісі етіп тағайындады.
3-9 ақпан аралығында қырғыз-тәжік шекарасына қатысты кезекті кездесу өткен. Ресми мәліметке қарағанда, жүздесуде тиісті хаттамаларға қол қойылған. Келесі кездесу Тәжікстан аумағында өтетіні хабарланған.
Қырғызстан мен Тәжікстанның ортақ шекарасы 972 шақырымға созылып жатыр. Екі елдің президентері соның 664 шақырымына қатысты ортақ пікір қалыптасқанын растады. Шекара толық шегенделмеуіне байланысты даулы жерлерде үнемі жанжал болып тұрады. Шекарадағы жанжал кейде қарулы қақтығысқа ұласып кетеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр