3 наурызда құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постысынан өлі күйінде табылды. Бұл жөнінде жұма күні қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу басталған, оқиға себебі анықталып жатыр деп хабарлады министрлік,-деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
"Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді" деп жазылған хабарламада.
Ведомство өзге ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайтынын хабарлады. Қаза болған курсанттың аты-жөні, қайдан екені айтылмайды.
Құрлық әскері институты Алматыда орналасқан. Мекеменің ресми сайтында "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскері әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орындардың қатарына еңгізілген" деп жазылған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы