Бүгін АҚШ президенті Жо Байден өткен жылдың наурызынан бері Орыс басқыншыларының шабулы астында қалған Украина астанасы Киевке барды.
АҚШ президенті Жо Байденның бұл сапары алдын ала хабарланбаған. Бұл тосын сапар Ресейдің Украинаға басып кіруінің бір жылдығы қарсаңында жасалды. Байден Twitter-дегі парақшасында «Киевте президент Зеленскиймен кездесіп, Украинаға деген адалдығымызды растаймыз», - деп жазды.
АҚШ жоғары лауазымдысы президент Владимир Зеленский мен Украинаның бірінші ханымы Олена Зеленска қарсы алды.
Украинаның соғыс кезіндегі қайтпас ерлігін арнайы атап өткен Байден бұған дейін де вице-президент кезінде 6 рет келіп кеткеннін айтып: «Мен қайта келетінімлді білдім» -деді.
Әрі Путиннің Украинаны әлсіз деп сондай-ақ НАТО туралы да қате ойлағанын айтқан Жо «Ол өзін бізден асып түсе алам деп ойлады. Дәл қазір олай ойламады. Ол жай ғана қателесті» деді.
Президенттер Киев орталығындағы әулие Майклдың алтын күмбезді шіркеуінде жүрген кездерінде әуе шабуылының ескертуі естіліп жатты.
Бұған дейін Байден Вашингтон Киевке құны 500 млн доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін беретінін айтқан, ол ертең жарияланады деп күтілуде.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі