Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық реформалары мен теориялық әдіснамаларына өзіндік үлес қосқан Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің 85 жылдығына орай Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің ұстаздары мен студенттері, жақындары мен замандастары оның ескерткішіне гул шоқтарын қойып еске алды.

Академик Кенжеғали Сағадиев тәуелсіз Қазақстанның өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан қайраткер.

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938ж. 18 ақпанда Қостанай облысының Жангельдин ауданында дүниеге келді. Ізденгіштігі мен талантының арқасында, оның есімі ғылым әлемінде танымал тұлғаға айналды.

Экономика ғылымдарының докторы (1977);

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1994);

ҚР еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996);

Кенжеғали Әбенұлы 1960 жылы ҚазМу-бітіріп 1963 жылдары сонда ассистент, аға оқытушы боп қызмет атқарды.

1963-1966 жж. Москваның халық шаруашылығы институтың аспиранты болды.1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми –педогогикалық  әрі басшылық қызметтерін атқарды.

1982 -1990жж. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып қызмет істеді.

1990-1994жж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының ректоры, ал 1994-1996 жж. ҚР ҰҒА-президенті, 1996-2004 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің, Халық аралық Бизнес университетінің ректоры болды.

2004 жылы ҚР парламент мәжілінің депутаты боп сайланды. Кембридж өмірбаяндық орталығының «Жыл адамы -1992» атығын алды.

Кенжегали Әбенұлы - Отан алдындағы адал еңбектері үшін мемлекеттік  марапатарға ие болды. Ол Еңбек, Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат, екінші дәрежелі Барыс т.б. ордендермен- атақтар алды.

Қоғам  қайраткері , Отан сүйгіш азамат Кенжегали Сағадиев Әбенұлы туған жердің еліне еңбегі сіңген тұлғаларын ардақтап өтті. Тәуелсіз Қазақстан еліне қалтқысыз қызмет етіп «Жер –қазақтың бір аты! Жерден айрылсақ ұлтығымыздан айырыламыз. Олай болса, жер саудаға түспеу керек» -деген берік ұстанымда болды.

К,Ә.Сағадиевтің өткен өмір жолына, адамгершілік, азаматтық болмысына шолу жасай келе, ғұлама ғалым туралы айтатын сөз әлі алда деп білеміз.

                   К.Ә.Сағадиев атындағы Халық аралық Бизнес университеті.

                   Гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафедрасының

                   Аға-оқытушысы А. Абдрасилов