Түркияның жер сілкінісінен қатты зардап шеккен қаласының бірі Қаһраманмарашта 17 жастағы қыз 10 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды. Құтқарушылар қызды 16 ақпанда құтқарған. Бұл туралы Түркияның TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады, -деп жазды Азаттық радиосы.
Ал кеше, 15 ақпанда осы қалада қираған үй астынан 42 және 74 жастағы екі әйел құтқарылғаны хабарлаған еді. Антакия қаласында бір әйел мен оның екі баласы үйінді астынан аман табылды.
Қазір Түркияда әртүрлі елден келген құтқарушылар 6 ақпандағы жер сілкінісінен қираған үйлерді аршып жатыр. Күн өткен сайын аман қалған адамдарды табу қиындап барады. Үйлерінен айырылған мыңдаған адам уақытша паналау орындарында, шатырларда тұрып жатыр.
Түркия мен Сирияда болған зілзаладан 10 күн өтті, қазір екі елде қаза тапқандар саны 42 мыңға жуықтады. Түркияда 35 мыңнан астам адам, Сирияда 5800 адам қаза болған. БҰҰ Сирияда құтқару жұмыстары баяу жүріп жатқанын мәлімдеп, қаза тапқандар саны алдағы күндері өсуі мүмкін екенін ескертті.
Америкалық JP Morgan қаржылық компаниясы 16 ақпанда "Түркияға жер сілкінісінен келген шығын 25 млрд долларға дейін жетуі мүмкін" деп мәлімдеді.
6 ақпанда Түркияның Газиантеп аймағында болған жер сілкінісінен үш қазақстандық опат болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді