"Азаптаушы" полицейлердің адвокаттары: 23 жәбірленушінің барлығы кешірім беріп, процесстік келісімге келуге келісіп отыр". Былтырғы қанды қаңтарда түрмеде азапталып, тісі жұлынған жәбірленуші Жансерік Тұралықов: "Мен кешірім бердім. Бірақ әлі процесстік келісімге келмедім" дейді. Бұл Жетісу облысы Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырсы.
Талдықорған қаласында қанды қаңтар кезінде ұсталғандарды азаптап, үтік басып, тісін жұлған полиция қызметкерлеріне қатысты жүріп жатқан сот 2022 жылдың 9 қаңтарында басталған. Бүгін 2023 жылдың 20 қаңтарында 31 реткі сот отырсын өткізді. Әуелде Соттан әділдік талап етіп, "Азаптаушы" полицейлерді жазалауды талап еткен жәбірленушілер соңында олармен келісімге келіп кешірім берді.
Сот залы. Айыпталушы тараптың адвокатының өтірігі
Ермек Жұмашевтың адвокаты Сарқытов Жанат судья Дүйсенбековтан прокурормен процестік келсімге келуге уақыт сұрап "Бір бірден барлығымен сөйлесіп жатырмыз. Осы жердегі 23 жәбірленуші толығымен барлығы өздерінің кешіретінін, процесуалдық келсімге келісетінін айтып отыр. Қазір сот барсында осы жерде отырған барлық жәбірленушінің барлығы, барлығынан сұрасаңыз осыны қуаттайды деп ойлаймын" -деді.
Жәбірленуші Тұралықовтың адвокаты Әсем Түсіпова өзінің қорғауындағы азаматтың тек қана кешірім бергенін, алайда процестік келсімге қол қоймағанын айтқанда Жансерік Тұралықовты азаптағандардың бірі Сапармұрат Тоқташтың қорғаушысы Тұрмағанбетов Қосанәліден судья Дүйсенбековтың: - Тұралықовпен сіздер келістіңіздер ме? -деп сұрады - Иә, Тұралықтан кешірім алдық. Процестік келсімді енді береді,-деп жауап берді Тоқташтың адвокаты.
Алайда айыпталушылар жәбірленушілердің барлығынан кешірім бергені туралы хат жаздырып алғанымен, біразы процестік келсімге келу туралы өтініш жаздырмаған болып шықты. Оны айыптаушы прокурор Ажар Нұрланова ескертті. Сот залына келмеген жәбірленушілердің онлайн келсімімен процестік келісімге келу туралы өтініш хатты толықтырып жатты.
Сот залының сыртындағы айқай:
Жәбірленуші Жансерік Тұралықов өзін азаптаған полицейлерге кешірім бергенін, бірақ процесуалдық келісімге келмегенін айтты.
– Мына жерде мені азаптаған үш адамның үшеуіне де кешірім бердім. Мен олардан ақша ешнәрсе сұраған жоқпын. Денсаулығымды үкіметтің ауруханасы емдеп берген. Сол да жетеді. Адам құсап анамның алдынан өтіп, кешірім сұрасын. Анамды тепкілеп тұрып мені алып кеткен осылар ғой. Өзім процесуалдық келісімге келген жоқпын. Ешқандай құжатқа қол қойған жоқпын. Олардың не деп сөйлеп жүргенін білмеймін» -деді.
Сот залынан шыққан жәбірленушілер мен оларды азаптаған полицейлер сыртта сөйлесіп тұрып сөзге келіп қалды. Үтік басты деп айыпталып отырған Айдын Кенжебаевтың жұбайы Айдана Кенжебаева айыпталушылардың бірі Сапармұрат Тоқташқа балағат сөз айтып "дұрыстап сөйлеспейсің ба!" деп дауыс көтеріп жатты. Жансерік Тұралықов "Қарғайсыңдар ма, бәрі бір! Балаларыңа сотрудник бол деген мен жоқпын! Үйтіп маған жаман қарамаңдар! Денсаулығымды алған балаларың" деп айқайлап көлігіне отырды.
Сот 23 қаңтарға қалтырылды.