Тәжікстан мен Қытай терроризмге қарсы жылына бір рет әскери жаттығу өткізіп тұруға келісті. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Осыған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ІІМ-ге бұл келісімге Тәжікстан үкіметі атынан қол қоюға тапсырған.
Мәлімдемеде екі өлкенің әскери қызметкерлері жаттығу кезінде террористердің кіріп келу жағдайына қарсы тұратын әрекеттерге машықтанатыны айтылған. Әскери жаттығу өткізетін мемлекет әскери қызметкердерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, алдын ала белгіленген бағыттар бойынша техникаларлы қамтамасыз етеді.
Тәжікстан мен Қытайдың әскері осыған дейін Таулы Бадахшанда әскери жаттығулар өткізіп келген. Онда екі елдің әскері Ауғанстан арқылы кіріп келуі мүмкін террористерге қарсы шабуыл жасауға дайындық жүргізген.
Қытай мен Тәжікстанның әскери қатынасы 2015 жылдан бері жандана бастады. Оған дейін негізінен экономикалық бағытта әріптестік етіп келген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті