«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы 2019 жылы президент Тоқаев билікке келе сала Қазақстанның экс-президентінің атына берген көшеден Назарбаев атын алып тастап Қаңтар деп өзгертуді талап еткен акция өткізді.  Акция аясында көше бойындағы үйлердің біріне "ҚАҢТАР" деген жазуы бар тақтайша мен қыңтар қырғыны кезінде ашылған сайтқа меңзейтін QR коды бар қағаз жапсырды.

Қозғалыстың белсенді мүшесінің бірі журналист Әсем Жәпішева өз парақшасында "Бүгін Алматыда акция өткіздік.  2022 жылдың қаңтарында Тоқаев халыққа ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Нәтижесінде жүздеген адам қаза тапты, мыңдаған адам азапталды. Азаптғандар мен атқандар әлі де жазаланбады. Қанды Қаңтарға әкелген басты себеп — қанішер Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жыл бойы елді тонауы. Дәл Тоқаев сияқты, Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанда Жаңаөзендегі мұнайшыларды атуға бұйрық берді. Бұл көше қанішер мен диктатордың атымен аталуына қарсымыз. Халықтың қаны төгілген Алматының басты көшесі Қаңтар деп аталуы қажет. Қаралы күндерді мәңгі есте сақтап, қазақ жерінде қазақтың қаны төгілуіне жол бермеуіміз керек. Ұмытпамыз. Кешірмейміз. Біз террорист емеспіз, қарапайым халықпыз". -деп жазды.

Артынша көше бойына ілінген тақтайша мен жапсырма қағазды полиция қызметкерлері келіп алып тастады.