АҚШ-тың алдыңғы қатарлы газеттерінің бірі Wall Street Journal (WSJ) төңкеріс жасауға әрекетті президент Тайып Ердоғанның исламшыл, авторитарлы мемлекет құру үшін өзі ұйымдастырғанын алға тартты. 

Газеттің 17 сәуір күні жарияланған бас мақаласында референдумның Ердоғанның жоспарлағанындай жүрмей жатқаны айтылып, «исламшыл диктатор халықтан ірі қолдау күтті, алайда жеңісіне дақ келтірген заң бұзушылықтармен сәл ғана айырмашылықпен басым түсті. Нәтиже түрік қоғамының барған сайын поляризацияланып, тұрақсыздық орын алатындығын аңдатуда» деді.

«Ердоған 2034 жылға дейін билікте болуы мүмкін»

Референдумда Ердоғанның Стамбул мен Анкара секілді Түркияның ең ірі қалаларында жеткілікті дауыс жинай алмағанын айтқан WSJ Жоғарғы Сайлау Комиссиясының (YSK) «соңғы минутта мөрсіз конверттерді жарамды санауға шешім қабылдағанын да еске салып, 2.5 миллион дауыстың жарамдылығына сызат түскеніне назар аударды.

Ердоғанның «Түрік көктеміне жол бермегенін қорғаған газет «Ердоған президенттік билік арқылы уысына көп күш жинайды. Референдум 63 жасар президенттің билігін 2029 жылға  дейін, мүмкін 2034 ке дейін созуы мүмкін» деді.

«Батыспен қатынас шиеленісе түседі»

Референдум нәтижесі Түркияның Батыспен қатынасын шиеленістіретінін әрі АҚШ-тың Түркиямен ынтымақтастықты үзбеуі керектігіне кеңес берген  WSJ мақаланы «Ердоған исламшыл авторитарлы мемлекет құру үшін демократиялық рычагты жаман жағына бұрып, ел ішінде төңкеріс ұйымдастырды» деген сөзбен аяқтады.

Серік Мәкен

The Qazaq Times