Батыс елдері Ресейге санкия салған соң федерация экономикасы нашарлауына байланысты тәжік мигранттарының бірқатары Қазақстаннан жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Еңбек мигранттарының айтуынша, Қазақстанда Ресейге қарағанда аз төлейді, бірақ мұнда қауіпсіз. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазыды.
Астанадағы "Шарын" көтерме базарында ондаған тәжік мигранты жұмыс істейді.
35 жастағы Хамза Бобоев астанадағы жұмысқа жақында келген. Ол мұнда жеміс-жидек сатады, кейде жүк тасиды. "Бұған дейін Сочиде жұмыс істедім. Онда айлық жақсы. Қазақстанда табыс аз, бірақ мұндағы полиция қызметкерлері сырттан келгендерге тиісе бермейді. Ал Ресейде құжаттары дұрыс мигранттарды да ұстайды", - дейді тәжік мигранты. Хамза Ресейде айына 70 мың рубль тапқан, Астанадағы табысы 40 мың рубльден аспайды.
"Астанаға келгенімізге көп болған жоқ. Мұндағы полиция қызметкерлері де мигранттарды ұстайды, бірақ тез босатып жібереді немесе құжаттарды дұрыстауға кеңес береді", - дейді тағы бір тәжік мигранты Олимжон Камолов.
Тәжік мигранттары Астанадағы құрылыста да жұмыс істейді. Олардың бірқатары Ресейден депортацияланған соң Қазақстанға келуге мәжбүр болған.
"Ресей Қазақстанға қарағанда дамыған ел, айлықты жақсы төлейді. Бізді тіркеуде тұрмағандықтан Ресейден депортациялады. Сол себепті Қазақстанға жұмысқа келдік", - дейді Комрон Раджабзода.
Астанада нақты қанша тәжік мигранты жұмыс істейтіні белгісіз. Тәжікстан көші-қон қызметінің 2022 жылғы шілдедегі мәліметінше, Қазақстанда 10,5 мың тәжікстандық жұмыс істеп жүр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы