Бүгін Жетісу облысы, Талдықорған қаласында "Қаңтар қырғыны" кезінде ұсталғандарды түрлі жолдармен азаптаған полицейлерге қатысты 9 реткі сот отырсы өтіп жатыр.
Бүгінге дейін 23 жәбірленушінің 9-нан сұралды. Прокурордың айтуынша алдымен жәбірленушілерден сосын куәгерлерден артынан айыпталушылардың сөзі тыңдалады. Тыңдалған жәбірленушілер сот әділетсіз өтіп жатыр дегенді айтып келеді.
Алғашқылардың бірі болып жауап берген Арман Теңізбаевтың айтуынша: Өзін азаптап арқасына үтік басқан үш адамның екеуі жоқ тек біреуі ғана отыр, -дейді.
Бүгін сотқа келген жәбірленушілер істі қайта тергеуге жіберуді сұрады. Алайда прокурор істі қайта тексеруге жіберуге қарсы екеінін айтты.
Азапталған Роланның әке-шешесі баласының денсаулығына келе алмағанын, Осында азаптаған полицейлердің тек біреу ғана отыр. енді қалған біреу мұнда жоқ екенін айтып шағынды.
Роланның анасы: "Маған баламның денсаулығын қалпына келтіріп беріңлеңдер. Осында азаптаған Найзабавов мұнда жоқ. Оны неге алып тастады, Тергеу дұрыс емес, Баламызды мүгедек қылды... Жанбақыт пен Найзабасовты жауапқа тартыңдар. Қанша адам азаптады. Солардың ішінде 5 адам ғана отыр. Қалғандары да қамалсын" деген талабын қойды.
Айыпталушылар да олардың қорғаушылары да істі қайта тергеуге жіберуді сұрады.
Азаптады деп саналған полицейлердің адвокаттары өздерінің қорғауындағы қорғауындағы азаматтар азаптаған жәбірленушілерді қолдайтынын айтты.
Үзілістен кейін жәбірленуші тарап прокуорлар мен судьяға сенімсіздік білдіріп арыз тастады












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді