«Өнер дамысы» одағы Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралымен бірлесіп жастар арасынан жылдың үздіктерін анықтады. Бұл туралы KAZNEWS хабарлайды. Сонымен, әр салада еселі еңбек етіп, жыл соңында соның жемісін жеген үздік жастардың ретін мынадай:

  • Үздік қаржыгер – Өлгий сұмындық 3 – балабақша есепшісі Қ.Сәулехан,
  • Үздік бизнесмен – Досмухан ЖШС-ның директоры Б.Досжан, Ай-Ару ЖШС-ның директоры Б.Айсұлу,
  • Жеңіл өнер кәсіп саласының үздігі - Тәп-тәтті бейкери, Берекет мейрамханасының менежері Қ.Лаура,
  • Баспасөз, ақпарат саласының үздігі - KazNews агенттігінің директоры Қ.Өмірбек,
  • Үздік журналист – Дербес телеарнасының тілшісі Ж.Жұлдыз,
  • Үздік тележүргізуші – ТВ4 телеарнасының тілшісі М.Айгерім,
  • Үздік фотограф - Ағайын фото студиясы, Ақтай ЖШС-нің директоры М.Нұрболат,
  • Үздік әнші -  Қабылай, жалпы білім беретін 5 мектеп ұстазы Қ.Серікгүл,
  • Үздік ақын – Б.Аманжол,
  • Үздік айтыс ақыны – Қ.Сәтжан,
  • Үздік менежер – Нурданеско ЖШС-нің менежері С.Асылбек,
  • Үздік биші М.Айгерім,
  • Үздік тамада – С.Бержан,
  • Үздік оператор – Аяана продакшн Қ.Бақытбек,
  • Табиғат қорғау саласының үздігі -  Қ.Сұлушаш,
  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздігі - Б.Сержұма қатарлы жастар сыйланды.

Ал, аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының «Құрмет громатасы» -мен Ж.Бақытбек, Ж.Аяулы және Өнер дамысы одағының Құрмет громатасымен М.Нұрбақыт  марапатталды.