Жұрт қазақша баяндамасын суфлерден оқитын президент Тоқаевтың "орыс тілін халқаралық деңгейде дамыту" туралы ұсынысына қарсылығын білдіріп жатқан тұста байыбына бара алмай жатқан тұста Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың орыстарға қазақша жауап беру мәдениесіздік деген сөзіне наралық білдіріп оны жауапқа тартуды талап етті.
Әлеуметтік желілерде 19 қазан күні Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың Қазақстанға келген ресейліктермен кездесу өткізген видеосы тарады. Оның қазақ тіліне қатысты пікірі халықтың ашуына тиді. Ол видеода былай дейді; «Адам мүлде орысша білмесе ғана солай істесін. Әйтпесе, бұл (Қазақтардың орысша сөйлеген адамға қазақша жауап беруі) біртүрлі болады екен. Бұл кішкене болса да ұлтшылдықтың белгісі. Қазақ тілінде жауап беру – мәдениетсіздік». Осыдан соң бүкіл ел бойынша резонанс тудырды. Оның ел алдында кешірім сұрауын талап етіп, кәсіпкердің өнімдеріне бойкот жариялауға үндеді. Оның өнімдеріне баламалар ұсыныла бастады.
Dalainside телеграм арнасының жазуынша:
Chocolife.me купондарын BeSmart-қа;
Chocotravel авиабилет сервисін Kaspi Тревелге;
Chocofood жеткізу сервисін Glovo мен Wolt-қа;
Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет дүкендерін Kaspi.kz дүкеніне;
iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисін Doq.kz сервисіне;
Рахмет кэшбек мобильді қосымшасын Dosmart қосымшасына алмастыруға болады екен.
Журналист Айбар Олжаев Алматы қаласының прокуратурасына шағымданып, Мухоряповтың сөзін Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни, «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тексеруді талап еткен. Депутат Еділ Жаңбыршин да қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы туралы депутаттық сауал жолдады. Белгілі әнші Нұрлан Албан өзінің парақшасында қазақтан шыққан талантты мамандарды қолдауға шақырады. Сол арқылы Мухоряповтың өнімдерін ығыстырып, қазақ тілін қолданысқа енгізетін, елге жаны ашитын кәсіпкерлердің дамуына үлес қосайық дейді. Адвокат Ләззат Ахатова Dalanews.kz тілшісіне берген жауабында Мухоряповтың үстінен бір адам ғана емес, қоғам болып арыз түсіру керектігін жеткізген. ‘’Мухоряповтың ресейліктермен болған кездесуде айтқан пікірінде шовинизмнің белгілері бар ма?’’ деген тілші сұрағына, Ләззат Ахатова:
“– Меніңше, шовинистік көзқарас пен пиғыл анық көрініп тұр. Менмендік, мәдениетсіздікті өзі көрсетті. Қазақстанда тұрып, қазақ тілін сыйламады.
Шынтуайтына келгенде, оның тауып отырған табысы қазақстандықтардың арқасында келіп отыр. Қазақ аудиториясының ақпараттық шабуылы әжептәуір соққы болды деп ойлаймын.”- деп жауап берген.
"Қазақстанда орысша сөйлеуге міндетті емеспін!, #cancelchjcjlife, #Рамильге байкот!" деп жазылған плакат алып Chocofamily кеңсесіне келген Алматылық Камила Еңсегенова "Ол кісі Қазақстанның нарығында жұмыс жасауға лайықты емес деп танимын!. Қазақтың наны тәтті, ақшасы тәтті, қазақтың тілі жаман ба?" деп наразылығын білдірді.
Рамиль Мухоряпов өз парақшасында кешірім сұраған видеосын жүктеді. Алайда, ел оның осылай ақталуына қанағаттанбайтынын, қазақ тілін қорлап, ұлт араздығын тудыратын пікірі үшін қатаң жауапкершілікке тартылуын талап ететіндіктерін айтуда. Соңғы кездері жиілеген осындай сипаттағы видеолардың соңында үнемі кешірім сұраумен тындым болады. Бұл жолғы Мухоряповтың пікірін де солай жылы жауып қоя салмақ па, әлде, соңына дейін апарамыз деген халық үніне құлақ аса ма? Ол жағы белгісіз.
Ел егенмендігін алғалы мемлекетті құраушы қазақ ұлты өз тілінің әлі аяққа тапталып келе жатқанына налиді. Алайда экс президент Назарбаевтың кезіндегі секілді бүгінгі президент Тоқаевта "Қазақ тілін саясиландырмау керек" деген ұстанымын ашық айтып келеді.