Тәжікстанның Таулы Бадахшан автоном облысы Мургаб ауданындағы әскери бөлімшеде бір жылдан бері борышын өтеп жатқан 19 жастағы Шохрух Макамовтың денесі туыстарына берілді.
Баласының сүйегі 5-6 офисер әкеліп оны жүрек-қан жетіспеушілігінен қайтыс болды деген. Алайда қайтыс болған сарбаздың туыстары оның соққының салдарынан көз жұмыды деп бастан тексеруді талап етіп отыр.
18 қазанда сарбаздың денесі Душанбедегі мәйітханадан Канибадам қаласының Равоти Нав ауылындағы отбасына жеткізілген.
Туыстанының айтуынша Шохрухтың денсаулығындағы кінәраттарға қарамастан әскерге алып кеткен.
Тәжікстан билігі әскерге денсаулығы жарамсыз немесе дартылай жарамды деп танылған жастарды отан алдындағы борышын өтеуге шақырмайды дегенімен әскери комиссариаттар жоспар орындау үшін ауыр сыртқаттыларға да көз жұма қарайды.
Осындай жағдайлар жиі болған соң жастар тәжік армиясындағы әскери борышын өтеуден бас тартады. Басты себептерінің бірі жас әскери қызметшілерге деген әлімжеттілік пен қатыгездік. Бұл көбінесе әскерге шақырылғандардың жарақат алуына, тіпті өліміне әкеп соқтырады. Десе де, ресми билік тәртіпсіз әрекет жасаған кез келген офицер мен сарбаздың жазаланатынын, әскердегі әлімжеттілік соңғы жылдары біршама азайғанын айтады.
Бұндай жағдай біздің елде де жиі қайталанады. Бірақ ресми оырндар үнемі жасырып жауып басқаша көрсетуге тырысады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды