Санкт-Петербургтегі Смольнинск муниципалды бірлестік кеңесі Мемлекеттік думаға Ресей президенті Владимир Путинді қызметтен алу үшін оны мемлекеттік сатты деп айыптауды ұсынды. Бұл туралы депутат Дмитрий Палюга хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Петербург депутаттарының пікірінше, Путиннің Ресей армиясының Украина аумағына басып кіру туралы шешімі Ресей қауіпсіздігі мен оның азаматтарына нұқсан келтіреді. Палюганың айтуынша, Смольнинск депутаттары мұндай шешімді көпшілік дауыспен қабылдаған.
Депутаттар Украинадағы соғыста жастар қырылып, мүгедек болып жатыр, ал Ресей экономикасы соғыс салдарынан құлдырады деп есептейді. Ресей соғыстан бастағалы бері НАТО блогы шығысқа қарай белсенді түрде жылжып келеді, ал Украинаға қару-жарақ көптеп жеткізіліп жатыр, алайда Путин әскери агрессияны басқаша ақтаған еді, деп мәлімдеген депутаттар.
Ресей Украинада соғыс ашқаннан кейін, наурыз айында Смольнинск кеңесі Путинге депутат сауалын жолдап, "қантөгісті" доғаруын, Украина аумағындағы әскерді шығарып, қызметтен кетуін сұраған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел