Ресей Федерациясының президентті Владимир Путин «Президенттің мұрагері болмайды, президентті тек Ресей халық сайлайды» деді РФ Ауған соғысы мүгедектері ұйымының басшысы Андрей Чепурнойға.
Андрей Чепурной, сенатор Франц Клинцейевич Мемлекеттік думаның спикері Вячеслав Володинді Путиннің мұрагері делінген хат жазып таратты деп айыптап, Владимир Путинге осы жөнінде түсініктеме беруді сұраған. Ал Путин оған "президентте мұрагер болмайды, президентті тек Ресей халқы демократиялық жолмен сайлау арқылы ғана тағайындайды" деп жауап берген.
Ал Франц Клинцейвич ешқандай хат жазбағанын, бұның барлығы саяси ойын екендігін айтқан.
"The Qazaq Times"