Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жетім тау (Жетим-Тоо) кеніші айналасындағы даулы пікірлерге қатысты, ол жердегі кенді игеруге қарсы шыққандарды сынға алды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Мемлекет басшысы азаматтарды "Жетим-Тоо кенішін жекеменшікке беріп жатыр деп бос сөзді айтпаңдар" деп, тиісті органдарды жалған ақпарат таратқандармен жұмыс істеуге шақырды.
Садыр Жапаровтың мәлімдемесі әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Есіңізде болса, президент сайлауында "Егер Жетим-Тоо кенін 100 пайыз өзіміз игеретін болсақ, сыртқы қарызды толық жабатын едік", деп айтқан сөзім бар. Бірақ қазір Жетим-Тоо кенін игеріп жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі күні де дайындық жоқ екенін, тек геолгиялық істер жүргізіп, қорын анықтауға бұйрық берілген", - деген мәлімдемеде.
Нарын облысындағы Жетим-Тоо темір кенін игеру ісі 2020 жылдың қазан айындағы халық толқуынан кейін тоқтап қалған. Кейін белсенділер "Жетим-Тоо кенін қорғау" қозғалысын құрған.
Садыр Жапаров 2020 жылы премьер-министр қызметін атқарып тұрған кезде, Жетим-Тоо кенінде кемінде 5 млрд тонна темір бар екенін, оны игеру қажет екенін жеткізген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні