Украина-Ресей соғысы әлемдік экономикаға өз кесірін тигізе бастады. Украинаның астығы мен Ресейдің мұнай-газының тосылуы бір қатар елдердегі жағдайды нашарлатып жіберді.
Оңтүстік Азияның дамушы елдерінің бірі Бангладеште бір аптаның ішінде жанармай бағасын 50% ға өсті. Оған Украинадағы соғыстан кейінгі мұнай бағасының өсуі себеп болған. Ел қаржылық дағдарысқа тап болып жатқандықтан, мыңдаған адам көшеге шықты. 168 миллионнан астам халқы бар елдің үкіметі бұл жағдайға шарасыздық танытып отыр. Бұл туралы елдің энергетика министрі Насрул Хамид
«Біз бағаның қымбаттауын білеміз, бірақ шет елдерде жанармай құны көтерілсе не істей аламыз? Егер әлемдік бағалар белгілі бір деңгейге төмендесе, біз түсіруге тырысамыз», - деді. Өткен аптада жанармайдың бағасының өскені туралы хабар жарияланғаннан кейін, мыңдаған адам бүкіл елдегі жанармай құю станцияларында Шри-Ланканы еске түсіретін көріністер арқылы наразылық білдіріп, бағаны тұрақтандыруды талап етті. Бірақ, Насрул Хамид валюта қоры азайып бара жатса да, Бангладеш Шри-Ланка тағдырын қайталамайды деп сендіруге тырысты.
Естеріңізде болса жыл басында осындай жағдай біздің елде де болған, жанармай бағасының қымбаттауына наразылық білдіріп басталған шеру Республика көлемінде дүмпу туғызып, қаңтар қырғынына айналып ресми дерек бойынша 240 адамның қазасымен тарихта қалды.
Н.Байтұрсын


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы