Жемқорлық бойынша күдікке ілінген генерал-майор Жайлаубек Халықұлының денесі тергеу изоляторынан табылды. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
"Тергеліп қамалған Жайлаубек Халықұлының [денесін] шамамен сағат 7-де бекет бақылаушысы тапты. Мекеме кезекшісі дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда қабылданған шараларға қарамастан қамалушыны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфикция нәтижесінде туындаған өлімді тіркеді" деп жазылған комитет хабарламасында.
Ресми ақпаратқа қарағанда, оқиға орнына прокуратура, жедел тергеу тобы, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері келген. Тергеу изоляторындағы өзге қамалушылармен әңгіме жүргізілген.
Комитет "тексеру нәтижесінде күдіктіге қатысты заңға қайшы әрекет" анықталмағанын айтты. Қызметтік тексеріс тағайындалған.
Әр жылдары Алматы және Ақмола облысының полициясын басқарған 59 жастағы Жайлаубек Халықұлы биыл мамыр айында қамалған. Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алды деген күдікке ілінген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы