Шілдені 1-2 күндері Нөкістегі толқулар құрбандарының саны 21-ге жетті. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов дүйсенбідегі брифингте хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Баспасөз хатшысы: "Дәрігерлер қанша тырысқанымен, жарақаты ауыр тағы үш адам қайтыс болды" деді.
Еске салайық, билік 4 шілдеде Нөкістегі толқуларда 18 адам қаза болғанын, олардың төртеуі құқық қорғау органдарының қызметкері екенін хабарлаған.
Шамсутдиновтің айтуынша, 274 адам медициналық көмек сұраған болса, ауруханада әлі 16 адам жатыр.
Бас прокуратура мәліметінше, құқық қорғау органдарының міндетін орындау кезінде жараланған 141 қызметкері және денсаулығы мен мүлкіне зақым тиген 16 азамат жәбірленуші деп танылды.
Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласындағы толқулар 1 шілдеде басталды. Халық наразылығына Конституциядағы Қарақалпақстан егемендігі туралы бапты жоюды қарастыратын конституциялық заң жобасы түрткі болды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі