Биыл балалар жылы. Осы орайда ауыл балаларын басты назарда ұстаған жөн. Демалыс орындары мен ойын алаңдарының ауылда салынуын қадағалау қажет. Бұзау қуып, үй шаруасына көмектескен жөн-ақ, алайда, ойын баласының әткеншекте тербеліп, ролик тепкені де артық болмас. Ойнай жүріп, салауатты өмір салтын қалыптастырады.
Қалада әр үй ауласындағы ойын алаңдарын ауыл балалары қызыға тамашалайды. Ең болмаса, бір ауылға бір ойын алаңы болса да жетер еді. Жаз болса доп қуалап, шығыршықты конкилерін жол бойына тебеді, өйткені оны тебуге арналған алаңдар жоқ. Көліктер жүретін асфальттерге тебуге мәжбүр. Кей ауылдарда ғана ойын алаңдары бар, бүкіл қазақстан бойынша әлі жалпыласа қойған жоқ.
Сол себепті балалар кейде құрылыс алаңдарына, кейде ескі үйлерге,кейде жол бойына ойнауға барады. Сапалы ойын алаңдары балалардыңсау денелі болып өсуіне, компьютерлік ойындардан сәл де болса тынығуға көмектесер еді.
Ұлт болашағын баласымен байланыстыратын халықтың ұрпағы сау да парасатты болуы үшін бөлініп жатқан сансыз ақшаның бір бөлігін ауыл балаларының жүйелі демалыс ұйымдастыруына, талапқа сай ойын алаңдарының бой көтеруіне жұмсаса екен.
Нұрбәтима Байтұрсын
Талғар ауданы


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі