Exxon Mobil (ЭксонМобил) Ақш-тың қаржы министирлігінен ресейге қаратқан санкцияны жеңілдетуді өтінгені әшкереленді. Бұл аталмыш компания мен ресейдің мұнай алпауыты саналатын PAO Rosneft (ПАО «НК «Роснефть») тың келісімі қайтадан іске асады деген сөз деп The Wall Street Journal сайтында жарияланды.
Қаратеңіздегі санкцияда қатты кеткен тармақтарды жеңілдетудің жолын Exxon Mobil компаниясы қарастырып жатыр. Алайда, Қаратеңіз АҚШ-тың лауазымды тұлғалары жағынан өте жіңішкелікпен қадағалануда. Олар Ресейге қаратқан санкцияны күшейте түсуді қалайды. Өйткені, Ресейді өткен жылы АҚШ-тың президент сайлауы кезінде интернет арқылы шабуылдаған деп жазғырып келеді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның аталмыш ірі компанияның бұрынғы басшысы, әрі Путинның сыбайласы, мұнайдың ірі шонжары Rosneft қожайынымен жақын байланыста болу салауатымен енді бүгін Трамптың жанында жүр. Демек, ірі компанияның өтініші АҚШ-тың мемлекеттік ірі құрылымдарында талқылануға татиды.
Ал, Қаратеңіз бұл күнде әлемдегі көптеген ірі мұнай компанияларының текетіреске түсетін майданына айналған. Exxon Mobil компаниясында осы өңірдің Руманияға тиеселі теңіз территориясындағы және Украинаға қарасты теңіз айдынындағы мұнайды бұрғылауға рұқсаты бар.
Трамптың командасындағы жақтастарының Ресеймен қатысы бар тағы бір жоғары шендінің шығуы онсызда конгрестегі Трамптың беделін тағы түсіру мүмкін.
Әділет Ахметұлы
"The Qazaq Times"