Ресейде Путинді сынаған журналист көз жұмды деп жазады Голос Америки ақпарат көзі.
Санкт-Петербург қаласынан шығатын «Новый Петербург» газетінің құрылтайшыларының бірі Николай Андрущенко 19-шы сәуірде көз жұмған. Андрущенконы 9- шы наурызда белгісіз біреулер соққыға жыққан, сол уақыттан бері ол ауруханада ес-түссіз, аппаратпен тыныс алып жатқан.
«Новый Петербург» газетінің редакторы Денис Усов, Андрущенконың өлімін Санкт-Петербургтегі жемқорлық жайында жазғанымен байланыстырады.
Николай Андрущенко тірі кезінде Ресей билігі мен Владимир Путинді жиі сынайтын болған.
ЕҚЫҰ-ның (ОБСЕ) өкілі Дуния Миятович өзінің твиттер парақшасында, РФ журналистері билік тарапынан қысым көретінін және жиі өмірлеріне қауіп төнетінін айтқан.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау