АҚШ үкіметінің қазіргі жасап жатқан қадамдарына қарасаңыз, бар күш жігерін «Америка бірінші» ұранына салып жатқанын байқауға болады. Халықаралық сауда келісімдерді де «Америкалық сату» және «Америкалық жалға алу» үлгісін енгізуді. Сәрсенбі күні Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті «Америка бірінші» саясатын арттыру үшін осыдан бірнеше он жыл ілгері атқарылған саясаттарды қайта жүзеге асыруды жоспарлап жатқаны белгілі болды. Солардың бірі сирек қолданылатын болат импортына тосқауыл қою заң ережелері.
Ақ үйдің арнаулы хабарландыруына сәйкес, аталған көне ережелерді қайта атқаруға АҚШ жергілікті уақытымен бейсенбі түстен кейін қол қоймақ. Арнайы зерттеу арқылы 1962 жылы атқарылған «Сауда кеңейту заңы» қайта атқаруға ұсынылған. Трамп командасының айтуынша бұл көне заң-жарғы ұлттық өнеркәсіптің үлес салмағын еселеп арттыруға септігін тигізеді екен.
Бұл хабарландыру туралы танымал ақпарат құралдары үкіметтен әліде ішкерілей білгісі келеді. Айталық, қандай нақты ережелері алынып, қандай ережелер қағыс қалады деген сауалдар. Дегенмен, бұл ескі заңды болат импортының, яғни АҚШ-қа шетелден кіретін болат импортының үлес салмағын кемітуге қаратылатыны анық. Трамп заңға қол қою кезінде болат өнеркәсібі өкілдерін міндетті түрде шақыратынын айтқан.
Кейбір шенеуніктердің айтуынша, ескі заңдарды тірілдіріп, пайдалану мұнымен тоқтап қалмайды. Жаңа стратегиялық бағыттарды да қамтитын заңдар мен саяси практикаларды қолдануы мүмкін деп отыр.
The Qazaq Times
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы