«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарады. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарламасында айтты.
Банкноттың бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының экс президенті Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті. Ал, сыртқы экс президент Н.Ә. Назарбаевтың портреті, астананың және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнесі салынған.
Қазақстанды 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған мұндай мерейтойлық банкнот Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 10 000 теңгелік ақшағада сылынған болатын. Одан тыс бірнеше қалада ескеткіш, ірі қалаларда орталық көшелер, ел ордасының аты, астанадағы әуежай және университеттермен мектептер т.б. нысандар бар.
Елдегі кейбір саясаткерлер мен қоғам белсенділері осының бәрін Назарбаевтың жеке басына табыну деп санайды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні