Германиядағы Commerzbank-тың зерттеу группасы 28 желтоқсанда зерттеу нәтижесін жариялап, Трамп саясатының АҚШ экономикасын дамытуы екіталай, оған қарсы кедергілерді анық байқауға болады. Одан да маңыздысы 2017 жылы АҚШ экономикасы 2 пайыз ғана артуы мүмкін деген болжамын жасады. Бұл туралы Шинхуа агенттігінің сауда-экономика сайты хабарлады.

Әлем көз тіккен АҚШ жаңа президенті ресми таққа отырысымен қандай нақты қадамдарға баратыны бүгінге дейін бей мәлім. Оның іске қосатын шараларының өзі біраз уақытты алады. АҚШ экономикасын түгелге жуық дамытып қамтыған шаралар жасау қиын, тек экономиканы жандандыруға фискалдық өсу шараларын қолдануы мүмкін. Федералды бюджет комитетінің айтуынша, Трамп алғашқы қаламда корпоративтік салық пен жеке адамдарға болған салықты қысқартуы мүмкін. Бұл алдағы 10 жылда 4 миллиард 500 миллион АҚШ долларлық шығынды тежейді. Сондай-ақ, Трамптың қазіргі әрекеттерінен фискалдық шығындарды барынша тежеуге тырысып жатқанын көруге болады.

Трамп саясатқа кіріскен алдынғы 100 күнде оңай қол жететін, нәтижелі жолды таңдауы тиіс. Бұл оның бұдан кейінгі өз ойлағандай саясатты табанды жүргізуіне зор әсер етеді. Ұзақ болашақтан алып қарағанда Трамп қадамдары АҚШ экспортының дамуына кері әсер етуі мүмкін, есесіне, тарифтер инфляциясын арттыруы мүмкін. Трамптың өзекті ойы –  АҚШ-тың экономикасын арттыру үшін көші-қон мигранттарын барынша тежемек, себебі, халық санының артуын тежеу, жұмыссыздықтың артуын тежеудің шарасы болып табылады.

"The Qazaq Times"