Қазақстандықтардың бір бөлігі көптен күткен Pfizer вакцинасы қараша айының ортасына дейін жеткізіледі. Бұл жөнінде бейсенбі күні журналистерге денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.
«Компания алдағы бір аптада жеткізуге уәде берді. Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілуі тиіс» деді Шоранов. Оның сөзінен Vlast сайты үзінді келтіреді.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Pfizer арасында жасалған келісімге сай екпе тасымалданады. Елге 4 млн вакцина жеткізіледі. Ол 2 млн адамға екпе егуге жетеді.
Осыған дейін қазан айының басында денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.
Үкімет жоспарынша, Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы