Қазіргі биліктегі премьер-министр Эди Раманың партиясы алғашқы сайлауға өздерінің кандидаттарын ұсынудан бас тартқандықтан Албания Парламенті президенттікке лайықты үміткерлерді таба алмай отыр деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.
Парламент төрағасы Илир Мета бұл жағдайға байланысты: "Біздің мақсатымыз - Албанияның барлық саяси күштерімен ортақ келісімге қол жеткізу үшін жаңа президентті сайлау туралы мәселе бойынша оппозициямен ортақ келісімге келу болып отыр" - деп, мәлімдеген.
Агенттіктің ақпаратына сәйкес егер кандидат сайлауға түсетін болса, ол жеңіске жету үшін 140 депутаттың кемі 84-інің дауысын жинауы тиіс. Ал сайлаудың барлық бес кезеңінде ел парламенті кандидат ұсынбай немесе сайлауға қатысатын кандидаттар табылмаса, қазіргі парламентті таратып жібереді.
Албанияның оппозициясы ақпанның ортасынан бері әділ президент сайлауын ұйымдастыру үшін өтпелі үкіметті шақытуын талап етіп отыр.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр