АҚШ президенті Жоу Байден Құрама Штаттар Тайуанды (Тайваньды) қорғауға көмектеседі деп мәлімдеді. Осылайша Уащингтон Бейжіңмен шиеленістің ушығып тұрғанына қарамастан Қытай өзінің территориясы деп санайтын аралды елді қорғауға уәде берді.

АҚШ президенті Жоу Байден CNN арнасының қойған «Егер Тайуан Қытайдың шабуылына тап болса, АҚШ Тайуанды қорғауға көмектесе ме?» деген сұрағына «Біз бұған міндеттіміз» деп жауап берген.

«Рейтердің» бұл туралы хабарында, Байденнің сөзі АҚШ-тың ресми сыртқы саясатынан ауытқып кетті деп бағалаған. Олай дейтіні, бұған дейін АҚШ-Тайуан қатынасы Конгресс қабылдаған «Тайуанмен қарым-қатынас туралы» заңға сәйкес тек қорғаныс қаруларын сатып беру, кейбір қорғаныс тәжірибелерімен алмасу секілді шараларда жүргізіп келді. Ал, Қытай Тайуанға қарулы күш қолданса АҚШ-тың қай тұрғыда болатыны ұзақ уақыттан бері беймәлім әрі түрлі болжамды күйде болып келген.

Қазір АҚШ пен Қытай арасындағы түбірлі қайшылық державалардың жаһандық көшбасшылыққа деген бәсекесі болғанымен, екі держава үшін де маңызды Үнді-Тынық мұхит аймағындағы мүдделердің қайшылығы бәрінен басымырақ. Бұл тұрғыда Тайуан АҚШ үшін демократияның соңғы шекарасы, ал Бейжің үшін ұлттық мүддесінің басты нысанасы болып отыр. Сондықтан да Тайуан тақырып АҚШ-Қытай қатынасында аса маңызды мәнге ие.

The Qazaq Times