Коронавирус пандемиясының төртінші толқыны Алматы қаласында біршама бәсеңдегенімен, – елде күн сайын анықталатын науқастардың ширек бөлігін иеленіп отыр. Қазір қаланың 5 мың тұрғыны емделіп жатыр. Төртінші толқынның шарықтау кезеңіне қарағанда бүгінде көлемі екі есеге қысқарған ауруханалардағы төсек-орындардың шамамен 47%-ы толған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте, 5 қазанда тіркелген 419 адамның 403-і симптом белгілерімен, тағы 16 адам симптомсыз тіркелген. Сейсенбі күні 166 адам ауруханаға жатқызылған.
Жалпы қалада сыйымдылығы 3179 орын болатын инфекциялық стационарларда 1514 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 56 бала төсекке таңылған. Ал реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде 172 науқас жатыр. 31 адам ӨЖЖ, 78 науқас инвазивті емес ӨЖЖ-ымен және 47 сырқат High flow аппаратымен тыныстап жатыр. Сондай-ақ, БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 3485 науқас амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған.
Дүйсенбіде жиыны 15 адам коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан қайтыс болған.
Ресми дерекке қарағанда, Алматы қаласында биыл ақпаннан бері 960 мың адам екпенің алғашқы, оның ішінде 873 мыңы толық дозасын алған. Әкімдік мәліметінше, әзірге 160 егу пункті мен 237 егу бригадасында 1028 медқызметкер жұмыс істейді.
Эпидкартада бірнеше айдан бері «қызыл аймақта» тұрған Алматы қаласында пандемия басталғалы 177 мыңнан аса адам ауырған, оның 50 мыңға жуығы тамызда анықталған. Қазір республикада анықталған күнделікті есептің кемінде 22-25%-ы Алматы қаласына тиесілі болып отыр.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды