Алматы қаласының Алмалы ауданында Aquastars бассейндер желісінің бірінде оннан астам бала уланып, «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына» жеткізілген. Бұл туралы ақпарат құралдары хабарлады.
Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі департаменті таратқан ақпарат бойынша, дәрігерлер 17 адамды қарап, 14 баланың он бірі ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа деп айтылады.
Жүзуге баулу шеберлік сабағы кезінде 12 мен 14 жастағы балалар хлор буына уланған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, дозалау станциясынан ақау пайда болып, бассейнді тазалайтын «Эмовекс» сұйытылған хлорының мөлшері қалыпты нормадан асып кеткен.
«Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, бассейн өкілінің айтуынша, бір апта бұрын суды хлорлау бойынша жаңа аппарат орнатылған, ол кенеттен істен шығып, хлор бассейн суына араласып кеткен», – делінген департамент хабарламасында.
Қазіргі кезде датчик ауыстырылған. Оқиға орнында төтенше жағдай мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауа мен судың құрамы тексеріледі.
Алматы полиция департаменті балалардың улану фактісі Қылмыстық кодекстің 306-бабы («Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел