Алматыдағы Ақбұлақ шағынауданында болған атысқабайланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов хабарлады.
Оның сөзінше, полиция "Адам өлтіру" және "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Таймерденовтың айтуына қарағанда, кеше болған атыстан көз жұмғандар арасында екі полицей мен сот орындаушыдан бөлек, үйдің жаңа иесі мен оның досы да бар.
Полиция мәліметінше, күдікті қазір тергеліп жатыр. Оның 2008 жылдан бері тіркелген аңшылық қаруы болған.
Кеше, 20 қыркүйекте Ақбұлақ ықшамауданында Д. есімді азамат үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан. Атыстан бес адам көз жұмды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы