Бүгін, 20 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы "Ақбұлақ" шағынауданында атыс болып, бес адам қаза тапты. Бұл ақпарат қалалық полиция департаменті хабарлады.
Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, сағат 17.00-де Алатау ауданы, "Ақбұлақ" мөлтекауданында 1967 жылы туған Д. есімді азамат үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан.
Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, олардың екеуі – қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлері: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев. Бұған қоса, сот орындаушы М.Әбенов пен екі адам оққа ұшқан. Бейресми ақпаратқа қарағанда, көз жұмған екі адам қатардағы тұрғын.
"Күдіктінің қаруы тартып алынып, қамалды. Жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр" делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді