АҚШ Тынық мұхиты аумағында Солтүстік Корея ядролық зымырандарына қарсы тұру мақсатында әскери оқу жаттығу жұмыстарын жүргізбек.
Бұл әскери дайындықта АҚШ өзінің жаңа континент аралық зымырандарды атып түсіруге арналған зымырандарын сынақтан өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.
Пентагон бұнымен ғана шектеліп қалмай, Солтүстік Корея ядролық зымырандарын сынақтан өткізу барысында атып түсіруді көздеп отыр. Бұл жайында АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Конгресске үндеуде жіберген.
“The Qazaq Times”