Инфляцияның 50 пайыздан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін талқылау кезінде үлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.
«Жаһандық пандемия бүкіл әлемдегі инфляциялық процестерге қысым жасайтын бұрын-соңды болмаған макроэкономикалық соққыға айналды. Логистикалық тізбектердің бұзылуы, сұраныстағы құрылымдық өзгерістер, экономиканы қолдауға бағытталған экспансиялық монетарлық және фискалдық бағдарламаларды қабылдау және басқа да трендтердің әсерінен бүгінгі күні инфляцияның өсуі бүкіл әлемде байқалды. Нәтижесінде, халықаралық қаржы ұйымдары 2021 жылы инфляцияның бүкіл әлемде 3,9%-ға жеделдеуін болжайды. Қазақстанда биялғы тамызда инфляцияның ай сайынғы өсуі 0,5%-ды құрады» деді Ә. Ерғалиев.
Оның айтуынша, маусымаралық факторлар және кейінге қалдырылған сұраныс әсерінен ақылы қызметтер әрі азық-түлік емес тауар бағаларының өсуінің үлесі артты. Осының салдарынан, ақылы қызметтер бойынша бағалардың өсуі 0,8%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 0,6%, азық-түлік тауарлары бойынша 0,1% құрады.
«Жылдық есептеуде Қазақстанда инфляция 8 айдың қорытындысы бойынша 8,7%-ды құрады және тарихи қалыптасқан құрылымға сәйкес, оның 50%-дан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр» деді министр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы