Ауғанстанның Панжшер шатқалында тәліптер мен Ұлттық қарсылық күштері арасында сұрапыл ұрыстар болып жатыр. Қақтығыстың нәтижесі жайында екі тараптың таратқан мәліметтері сәйкес емес.
Тәліптер Панжшерден біраз аумақты басып алғанын, Масуд жасақтары ауыр шығынға батқанын мәлімдеді. Артынша бұны Ұлттық қарсылық күштері теріске шығарып мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша шатқал қысаңын әліде өз бақылауларын да ұстап тұр, сондай-ақ, шатқалға кіруге тырысқан «Талибан» жүздеген жасағынан айырылғанын айтқан.
Панжшер шатқалы қазір Ауғанстанда тәліптерге бағынбаған жалғыз аймақ. Ұлттық қарсылық фронтына Ахмед Масуд жетекшілік етуде. Одан бөлек олардың қатырнда бұрынғы вице-президент Амурлах Салех пен ауған қарулы күштеінің жасақтары да бар.
Айта кетейік, Ахмед Масудтың әкесі Ахмад шах Масуд 1980 жылдары Кеңес одағының, 1990 жылдары тәліптердің күшіне қарсы пәрменді соққы беріп, "Панжщер арыстары" аталған. Оның үстіне аталмыш шатқал өзінің қорғанысқа қолайлы, шабуыл жасауға қиын табиғи географиялық ерекшелігі мен де "Жеңілмес шатқал" аталған. Өңірдің тарихтағы және қазіргі жеңістері олардың күресті жалғастыруына негізгі факторлардың бірі болып тұр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр