Қазақстан спортшысы Давид Дегтярев Токио өтіп жатқан паралимпиадада пауэрлифтингтен чемпион атанды. 54 келі салмақта сынға түскен Дегтяров үш мүмкіндігін толық пайдаланып, 174 келіні еңсерді.
Бұл салмақта күмісті франциялық Аксель Бурлон (165 келі), қоланы грекиялық Димитриос Бакохристос (165 келі) иеленді.
Бұл Токиодағы паралимпиадаға 25 спортшысы қатысып жатқан Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.
25 жастағы Дегтяров биыл паралимпиада алдында Тбилисиде өткен әлем кубогында 185 келіні көтеріп, алтын медаль алған. Ол Грузиядағы жарыста Азия рекорд жаңартқан еді. Қазақстандық атлет 2018 жылы Джакартада өткен пара Азия ойындарында 54 келіде күміс медаль иеленген. Дегтярев Индонезиядағы жарыста 157 келі көтерген.
Дегтяров Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Паралимпиадаға алғаш рет қатысты.
Қазақстан 2016 жылы Риода өткен паралимпиадада бір алтын, бір күміс медальмен жалпы есепте 58-орын алған. Рио паралимпиадасында жүзуден Зүлфия Ғабидулиначемпион атанса, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль иеленген. Ғабидулина мен Қойшыбаева да Токио паралимпиадасына қатысып жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел