Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши Иранға аттанды. Бұл оның «Талибан» Ауғанстан билігін алғаннан бергі ортақ өңірлік стратегияны талқылау үшін жасаған алғашқы дипломатиялық қадамы.
Мәліметтерге қарағанда, Ираннан кейін Пәкістан СІМ басшысы Түркіменстан мен Өзбекстанға да сапарлай баруы мүмкін. Бұл «Талибанмен» бірге келген Орта Азиядағы жаңа жағдайдан кейін өңірлік диалогтардың жаңа дәуірі ресми басталғанын көрсетеді.
Жалпы, Пәкістан тарабы Ауғанстан мәселесіне байланысты оған көршілес елдердің ортақ мәмілесін қалыптастыруды ұсынған мемлекет. Пәкістан ұсынысын алдымен Тәжікстан президенті қолдаған. Ауғанстанға көршілес елдердің ортақ мәмілесінің қалыптасуы өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Алайда, Пәкістанның бұл мәміледе басты ойыншы болуы алаңдатады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы