Ресей мен Қытай тамыз айында ортақ әскери оқу-жаттығуын өткізбек. Қытай жерінде өткізілетін әскери шара «Өзара әрекет2021» деп аталады.
Қытай мен Ресей Қорғаныс министрліктерінің мәліметіне қарағанда, құрлық әскери жаттығуына 10 мың сарбаз тартылады. Одан бөлек ұшақтар мен саутты көліктерді қамтыған бірқатар әскери техника да қатыстырылады.
Қос тараптың ресми мәлімдемелерінде жаттығудың мақсаты екі ел қарулы күштерінің өзара ынтымақтастығын күшейту деп көрсетілген. Ресей-Қытай қарым-қатынасын, әсіресе стратегиялық ортақ әрекеттесу мүмкіндіктерін арттыру, соғысқа қарсы дайындықтарын жетілдіру мақсатында өтетітіні айтылған.
АҚШ бастаған Батыс елдерінің санкциялық, дипломатиялық және саяси қысымдары арта түскен кезде, Бейжің мен Мәскеу бір-біріне жақындай түсті. Екі ел арасында стратегиялық серіктес деңгейіндегі қарым-қатынас Орта Азия елдері үшін де назар аударарлық тақырыпқа айналған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр