Ресей Тәжікстандағы Ауғанстан шекарасына жақын маңдағы әскери базасына бірнеше әскери техникасын жеткізді. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұнда әскери оқу-жаттығу өтеді. Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мамырда Душанбеге барған сапары кезінде Ресей мен Тәжікстан жақын күндері тәжік-ауған шекарасынан жаңа бекет салу жөнінде келісімге келеді деп мәлімдеген. Қаржылай көмекті Мәскеу беретінін айтқан.

АҚШ және НАТО елдері Ауғанстандағы әскерін шығара бастаған уақытта «Талибан» қозғалысының содырлары елдің бірқатар аймағын басып алды. Батыс елдерінің коалициясы Ауғанстандағы әскерін қыркүйектің ортасына дейін шығарып әкетуді көздеп отыр. Сарапшылар бұл мәселе қазір Ресей билігінің негізгі бас ауруына айналды дейді.

"The Qazaq Times"