Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус пандемияның үшінші толқыны басталды деп мәлімдеді.
Коронавирустың қауіпті дельта штамы әлемнің 111 елінде тіркеліп, эпидемиологиялық ахуал қайта ушыға бастаған. Гебрейесус сонымен бірге әлем елдерінде коронавирусқа қарсы вакцинаның тең бөлінбеу мәселесіне де тоқталды.
Мәлімдемесінде Гебрейесус: «Біз COVID-19 пандемиясының ең қауіпті кезеңінде тұрмыз. «Дельта» штамы өте тез тарап барады. Тіркелген жаңа науқастардың басым бөлігі вирустың осы түріне шалдыққандар. Дертті түбегейлі жеңу үшін әр мемлекетте келер жылға дейін халықтың 70%-ы екпе алуы керек», – деді.
ДДҰ-ның апталық эпидемиологиялық бюллетенінде жазылғандай, «алаңдаушылық тудыратын нұсқалар» санатына жатқызылған төрт штаммды («альфа», «бета», «гамма» және «дельта») жұқтыру көрсеткіші жоғары.
Бір апта бұрын 6 шілдедегі жағдай бойынша дельта штаммы 104 мемлекет пен аумаққа таралған еді. Ал одан бір апта бұрын таралған елдер мен аумақтар саны 96 болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті